Ақтөбеде жұрт ереуілдеп, әкім жолдау талқылап жүр (видео)
ЖаңаөзендіктердіАқтөбе де қолдады. Бүгін облыстық әкімдік алдына жүзге жуық адам шықты.
Олар қытайлық 55 зауыттың салынуына қарсы екендіктерін жеткізді. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.
Облыстықәкімдік алдына жиналған ақтөбеліктер қытай экспансиясына қарсылықтарынбілдірді. Жаңаөзен қаласында 2 қыркүйектен бері халық наразылық акциясынөткізуде. «Біз Жаңаөзенді қолдаймыз» деп ұрандатқан ақтөбеліткер экс-президентНұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ әлі де билікте отырғанын айтып, оның саяси аренаданкетуін де талап етті. Қытаймен экономикалық жақын қарым-қатынастәуелсіздігімізге қауіп төндіреді деген ақтөбеліктер, ертең кешкі сағат 18-00де тағы да наразылық акциясына жиналамыз деп уағдаласты.
Жиналғанжұртшылық алдына облыс басшысы шықпады. Әкім Оңдасын ОРАЗАЛИН актив жиналысынжасап президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жолдауын талқылады. Прокуратура өкілдерімен полиция жиналған жұртты сырттай бақылап тұрды. Қоғамдық белсенділерді ұстауфактісі тіркелген жоқ.
«Наразылық білдірушілермен Ақтөбе облысы әкімініңорынбасары Марат ТОҒЖАНОВ кездесті. Бұлакцияның заңсыз екенін ескертті. Талаптарыңызды жазбаша түрде беріңіздер депсұрады», — дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл ЕЛЕУСІНОВА «Жас АЛАШ»тілшісіне.
Қазақстандақытайлық 55 зауыттың салынатыны туралы ең алғаш экс-президент Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫбылтыр қытай басылымдарына берген сұхбатта айтқан болатын. Бүгін бір ғанаАқтөбе емес, жаңаөзендіктердің талабын қолдап Алматы мен Семей қалаларында дақоғамдық белсенділер көшеге шықты. «Жас АЛАШ» сайтының ШҚО-ғы тілшісі қазір Семейдеболған қарсылық акциясынан материал әзірлеп жатыр.
Видео және фотолар автордікі.