Ақтөбенің ұйқышыл әкімі орнынан кетті
Бүгін Ақтөбеоблысының әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН қала активіне жаңа әкімді таныстырды.
Испановтың орнына бүгінге дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіндеболған Мавр АБДУЛЛИН тағайындалды. Ақтөбе қаласын үш жыл басқарған ІлиясИспанов ақтөбеліктерге ұйқышыл әкім ретінде танылған еді. Жиналыстарда мызғыпалғанды жақсы көретін экс-әкім қаланы көркейтуге көп еңбек еткенін де жұртшылықжасырмайды. Ілияс Испановқа ақ жол тілеген облыс әкімі оған қызметте табыстартіледі.
«Қалада әкім болып қызмет атқарған үш жылда көп игі істер атқарылды. Оны Ақтөбеніңхалық біледі. Сіздің еңбегіңізге алғыс білдіремін. Жаңа орында тек жетістіктілеймін», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Алайда Испановмырзаның жүзінде қуаныш байқалмады. Ақтөбеде қала әкім ауысады деп көптен айтылып жүрсе де Ілияс Испановқабұл жаңалық тосыннан болған сияқты.
«Мен ақтөбелік азаматтармен қоян-қолтық жұмыс жасадым. Оңай болған жоқ. Көп нәрсе үйрендім. Ақтөбедекөп игі істер істелді.Кейбір жұмыстар бітпей қалды. Жаңа әкім Мавр Абдуллинаяқтайды деп ойлаймын. Ақтөбеге ақтөбелікпін деп келіп тұрамын»,- деді Ақтөбе қаласының экс-әкімі ІлиясСапарбекұлы.
Ақтөбенің сужаңа әкімі Мавр Абдуллинге облыс басшысы жұмысына сәттілік тіледі.
«Бірінші орынбасарымды Ақтөбе қаласының әкімі етіп тағайындап жатырмын. Олқашанда менің жанымнан табыла білді. Көптеген мәселелерді шешіп жүр»,- деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Фото автордікі.