Саясат

Ақтоты Абайға шекесінен қарағаны ма?

Өткен аптаныңсоңына дейін әлеуметтік желіде жұрт назарынан түспеген Сыртқасқабұлақтағы «Абайдың үшішекті домбырасы» төңірегіндегі даулы әңгіменің көркі қызып тұрғанда премьер-министрАсқар Мәмин Шығыс Қазақстан облысына сапарлап келді.

Jasalash.kz

Үкімет басшысының облысқасапарында қай түкпір, қай өңірде болғаны былай да жұртқа жақсы мәлімболғанымен, негізгі мәні Абайдың 175 жылдық тойына әзірлік барысымен танысу еді.Сол себептен де Асқар Ұзақбайұлының «Қазақстанның тарихи орталығы» (президентҚ.Тоқаевтың бағасы) Семейге және Абай ауданына барып қайтқанына кеңінентоқталсақ.

  Облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған жергілікті шенеуніктер А.Мәминніңжан-жағынан қаумалай жүріп, Семей қаласындағы Абай театрының, алаңының, ақынмузейінің іші-сыртын, о жақ-бұ жағын түгел көрсетіп, бюджеттен бөлінген миллиардтардықалай жеткізіп жатқанына түсінік берді. Даниал Ахметовтің аталған нысандардабұған дейін де бірнеше рет келіп, пысықтап кеткен «репитициясы» үкіметбасшысының көңілінен шыққан сыңайлы, «бұларың қалай?» дейтін оқыс жағдай орынала қойған жоқ.

    Алайда премьер-министрмен бірге осы жолыүзеңгі қағыстырып денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та келіп, семейлікдәрігерлерді марапаттап, мерейін өсіріп жатқанда мәдениет және спорт министріАқтоты Райымқұлованың өзін жайбарақат ұстап, қыдырыстап қайтуға келгендейжүргені таңғалдырды. Әріптесі Елжан Біртанов Семей қаласының әкімдігінде өзібасқарып отырған салаға сай сөз алып, «Семейдің коронавирустың тіркелу жағдайытөмен қалалар қатарынан көрінгенін» айтып, бір дәрігерге «Қарағайлы»ықшамауданынан бір пәтердің кілтін ұстатып көзге түсті. Күн тәртібінен түспейтұрған індетке орай келген министрді семейліктер де жылы қабылдады. Ал Ақтотыханымның Абай тойына қатысты бір ауыз сөз айтуға жарамағаны өз алдына, жұртпенқатар, өнер тарландарының екіге жарылуына түрткі болған «Абайдың домбырасыныңжолға төселген дауына» орай, тіс жармай кеткені оның өз саласына «көлденеңкелген көк атты» екенін көрсетіп бергендей болды.

  «Домбыра дауын» айтпаған күннің өзінде, соңғы екі жылда Абай музейінде үшдиректор ауысып, басшы тұрақтамай кеткені де министрдің басын ауыртпағансыңайлы. Музейді 3,5 жыл басқарып, 2019 жылдың мамыр айында қызмет ауыстырғанБолат Жүнісбековтен кейін Ерлан Айнабеков келіп, бар-жоғы үш-төрт ай ғанаотырып жөніне кетті. Бұл басшының әкесі Мейрамхат Айнабеков 2007-11 жылдараралығында Семей қаласының әкімі болған. Қала халқы әлі күнге дейін құрметпенқарайтын Айнабековтің ұлы бұл салада мүлде қызмет атқармағанынан шығар, тезұмыт болды. Одан кейін осы жылдың қараша айында музейді екінші рет басқаруғакелген ғалым Жандос Әубәкірдің басшылық қызметі 2019 жылдың қараша айынан 2020жылдың наурыз айына дейін ғана созылды.

    Музейдің қазіргі басшысы Тұрдықұл ШаңбайШәкәрім атындағы Семей университетінің Алаштану орталығының директоры,энциклопедист-ғалым ретінде танымал. Қызығы сол – Т.Шаңбайды музей ұжымына Семейқаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев директордың инновациялық жобаларжөніндегі орынбасары және басшының міндетін атқарушы ретінде таныстырғандаЖандос Мағазбекұлы денсаулығына байланысты ем қабылдап жатқан болатын. Ауырыпжатқан басшының өзінің таныс та бейтаныс орынбасарын «үйінде жатып қалайқабылдағаны» айтпасақ та түсінікті болар. Артынша орынбасар ретінде келгенТұрдықұл Қасенұлы директордың міндетін атқарушы болып шыға келді. Саралайкелгенде, бұл А.Райымқұлова басқаратын министрліктің адамгершілік қалыпқасыймайтын әрекеті болғанын ашық айтқан абзал.

   Жай уақытта абайтану саласындағыатқарған еңбектеріне орай атақтарын тізгенде аспан қақ айырылатындай болатынбелгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар Абай тойы қарсаңында орын алып жатқаносындай олқылықтарды көріп отырғанымен, «іштен тынғаны» да әлдебір бақай есептіңбарын аңғартатындай. Абай тойы таяғанда шақырулардан құр қалып, тізімнен сызылыпқалудан қауіптене ме, мәдениет және спорт министрінің Абай тойына орай жылбасынан бері «шөп басын сындырып», ештеңе айтпағанына да көз жұма қарайтындайма, қалай?..

  Күні кеше аяқастынан Сыртқасқабұлақта Абай домбырасының формасындабрусчатка төселіп, жол салынып жатқанын «Жас Алаш» газеті бірінші болыпкөтергенде министрлік тарапынан тырс еткен дыбыс естілмеді. Артынша әлеуметтікжеліде жұрт шулап, телеарна журналистері мәселе көтергенде барып «ұялғанынан»сөз алған министрліктің департамент директоры Күміс Сейітова «бұл мәселе жергіліктіатқарушы биліктің әрекеті болғандықтан, министрлікпен келісуі шарт емес» екенінайтып, Айды аспанға шығарды. Сонда ақын тойына қатысты ауқымды жұмыстардыңбәрін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өздері ұйымдастырып атқара беретін болса,мәдениет және спорт министрлігінің (министрінің де!) елге қаншалықтықажеттілігі бар?!

        Миллиардтар мерейлі іске мұрындық бола ма?

 «Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты»дегендей, бұқара халық Сыртқасқабұлақтың басындағы брусчаткадан Абайдомбырасының жолға төселіп жатқанын ақылға сыйдыра алмай, атқарушы билікті«қара есекке теріс мінгізіп» жатқанда, Қарауылтөбе жанына тағы бір домбыраформасында саябақ құрылысы басталып кеткенін бір-ақ білді. Facebook әлеуметтікжелісінде Аида Жексен есімді желі қолданушысы бұл құрылыстың 1,6 млрд теңгегесалынып жатқанын жариялады. Сөйтсек, бұл сома бер жағы екен.    

   Семей ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек,өткен айда басталған мұндағы саябақ құрылысының жалпы құны 1миллиард 937 миллион теңге болып шықты. «Бүгінгі күні жұмыс кестесі жасалды,учаскелерді жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. 634 түп ағаш отырғызылды, 1700тонна жартасты топырақ, 20 мың тонна құм мен қиыршық тас, 9031 тонна құнарлытопырақ әкелінді. Қоршау орнатылды. Электрмен және сумен жабдықтау жүйелерініңтраншеяларын жасау аяқталды. Электр және су құбырларын төсеу жұмыстарыбасталды. 1500 м су құбыры тартылды. Нысанға 30 техника мен 70 адамжұмылдырылды. Саябақ құрылысы үстіміздегі жылдың 10 шілдесінде аяқталады»делінген аталған мәлімдемеде. 2 млрд-қа жуық қаражат жұмсалатын бұл жұмыстарсомасына лайық па, жоқ па, іштей өзіңіз шамалай беріңіз.

  Сондай-ақ Қарауыл ауылында су құбыры жүйесіқайта жаңғыртылып жатқанын айтар болсақ, бұған бөлінген бюджет қаржысы 1 млрд425 млн теңгені құрайды. Мердігер компания – «ВостокСтройГрупп» ЖШС. Жұмыстардыаяқтау келесі жылдың мамыр айына жоспарланыпты.

   Бәрінен де Қарауылда салынып жатқан 300орындық әмбебап мектеп құрылысының сомасы да осал болмай тұр. Жобаның жалпықұны 1 363, 96 млн теңгеге есептелген екен. «Азия фирмасы» ЖШС салып жатқанбілім нысаны бұл қаражаттың іргетастарды орнату, сыртқы су, жылу және кәрізжелілерін төсеу, негізгі блоктардың қабырғаларын төсеу, ғимараттың ішкі электржелілерін тарту сияқты бөлігіне тиісті сомасын игерген. Мектеп құрылысынүстіміздегі жылдың 1 тамызында аяқтау жоспарланып отыр. «Мектепте балаларқазіргі заманғы интерактивті сыныптарда, зертханаларда жұмыс жасап, жоғарытехнологиялық жабдықтармен және мамандандырылған бағдарламалармен, озық технологияларментанысады, топта жұмыс істеуді үйренеді және өз жобаларын құруда алғандағдыларын қолданады. Мектеп пайдалануға берілгеннен кейін 82 жаңа жұмыс орныашылады» делінген Семей ақпарат орталығының мәліметінде.

 Хош, сонымен, Мәмин келді, көрді, Ахметов әдемілептаныстырып берді. Бірақ миллиардтаған қаражат жұмсалып жатқан Абай тойыныңаясында салынып жатқан саябақ, демалыс орны, жаңғырту жұмыстары «Өз сомасынасай ма?» деген заңды сұрақ үкімет басшысының өзіне ғана мәлім күйде қала берді.

Ақсақалдың аманаты

  Бет қатталып жатқанда аягөздік құрметтіақсақал Амангелді Керімтаев елдің көкейіне кептелген жайды президент Қасым-Жомарт  Тоқаевқа бағыттап, әлеуметтік желіде былайшажайып салды: «Мен Шығыс Қазақстан облысына бірінен кейін бірі келгенекі әкімнің ұлтымыздың киелі мекені мен қасиетті домбырасына жасалған қылмысқабергісіз қиянатқа жол бергендеріне таңғаламын. Олардың біреуі бүкіл түркідүниесі қастерлейтін Қозы мен Баянның мүрделері жайғасқан жердің атауын есімікөрші-қолаңға еміс-еміс белгілі қалталы жаһаттасының атасының атына бермекболған Б.Сапарбаев еді. Екіншісі ұлы Абай домбырасын аяқастыеткендердің қылықтарына тыйым салуға жетесі жетпей отырған Д.Ахметов болып тұр.      Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, зейнетжасынан әлдеқашан мезгілі өтіп кеткен кәрі-құртаң әкімқаралардан пәлендейқайырлы қарекет таба қоймассыз. Сондықтан олармен өзіңізге тән тектімәдениеттілікпен разы-қош айтысқаныңыз жөн болар».

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Шығыс Қазақстаноблысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега