Қоғам

Ақын Арқадағ жаңа жылда жырдан шашу шашты

Түрікменстан президенті Гурбанғұлы БЕРДІМҰХАМЕДОВ 2019 жылы жаңа талантымен танылды.

Jasalash.kz
Олай дейтініміз, ел президенті халқын өзінің жазған өлеңімен құттықтады. Бұрында әскери өнерімен һәм спортшы, әншілігі мен шабандоздығы арқылы өзін танытса, бұл жолы ақындығын паш етті.Ақын Арқадағтың арнауы жыры turkmenistan.gov.tm сайтында жарияланды.Түрікменстан басшысы 2018 жылы халықтың әлеуметтік жағдайының өскенін және Меджилис сайлауы өтіп, демократизацияда ілгерлеу болғанын айтты. 2019 жыл — «Түрікменстан – өркендеген отан» жылы деп жарияланыпты.«Біз Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан траснұлттық газ құбырларын жүргізуді бастадық. Заманауи үлгідегі елді мекендер мен кенттердің ірге тасын қалап тастадық. Басқа да түрлі нысандардың құрлысы басталды», — деді мемлекет басшысы.Фото: tdh.gov.tm 
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега