Қоғам

Аралда су қоймасы мен су торабы салынады

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысында су қоймасы мен су торабын салуды жоспарлап отыр.

Фото: су ресурстары министрлігі

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріне су жинау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Аманөткел ауылының жанында су торабын салуды жоспарлап отырғанын айтты.  Сондай-ақ, Қараөзек каналында жаңа су қоймасын салуға ниетті. 

Бұдан бөлек, Жиделі су қоймасы мен Қызылорда су торабын кешенді реконструкциялау жоспарлануда. Ал 2025-2026 жылдары Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» магистральдық каналы мен Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық округіне Сырдария өзенінен су жіберу үшін қосымша каналдар салу жоспарда бар.

«Бұл іс-шаралар облыстың ауыл шаруашылығын суармалы сумен неғұрлым тиімді қамтамасыз ету үшін және өңірдің су нысандарын сақтауға қажет», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Nurbike Beksultan