Арандатушы әкім
Өскемен қаласының әкімі дауға қалды.«Ақжүніс» аналар қоғамының өкілдері президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТАН ЖақсылықОМАРДЫ қызметінен босатуды талап етті.
Жақында «Facebook» желісінде «Ақжүніс»аналар қоғамының ШҚО бойынша жауапты жетекшісі Жұлдыз АҚТАНЖАНОВА Қасым-Жомарт Тоқаевтыңатына үндеу жариялады. Онда ол мемлекет басшысынан Өскемен қаласының әкіміЖақсылық Омарды отставкаға жіберуін талап еткен.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!ШҚО, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлы Омарды өз қызметін босатудыталап етеміз.Талап етуші «Ақжүніс» Аналар қоғамы.Бұл талапқа себеп болған, Өскемен қаласыныңәкімі өз қызметін асыра сілтеп пайдаланды деп есептейміз.
2. Әкімнің аппаратыөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, ҚазақстанРеспубликасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтікқұқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзегеасырады.
Демек, қандай нормативтікқұқықтық актіде, Президент үкімінде, көпбалалы Аналарды қала әкімдері өзмақсатында, жоспарында пайдалана алады, арандатуға жоспар құрылады депкөрсетілген??? Заңбұзушылық орын алғаны қараға ақпен жазғандай айқын.Неге?! Өйткені, Өскемен қаласында өткен ДПК, Ж. Мамайдың партиясының үгітнасихат шараларын бұзуды, провокация жасап беруді Өскемен қаласының көпбалалыекі анасына инструктаж жасап отырып тапсырған. Өз қызметтік көлігімен жиналысорнынан алып кетіп, «егерде полиция шақырса, қорықпаңдар, өзім жауапберемін» деп айтқан. Және осы мәліметті қала әкімінің орынбасары ЖенісовСерік Жеңісұлы растап отыр.Хасенова Маржан және Канапиянова Назгуль сол партия жиналысына барып,провокация тудырып, бөтелке мен орындықтарды лақтырып, шу шығарған.Бұл орайда көпбалалы аналарды айдап салып, өз мақсатында пайдаланды деп есептеукерек. Егер осы екі, аттары аталған көпбалалы аналарға бір зақым келсе, басқада партия жақтаушылардың арасынан зиян келтірілсе, тіпті полиция әкеткен болсада, қала әкімі Жақсылық Омар қалай көмектесер еді?! Неге ол басқа құрылымның,ІІД жұмысы үшін жауапкершілікті өз мойнына алмақшы болды?! Және мемлекеттікқызметкер ретінде, қала әкімінің міндеттеріне сай Аналарды барынша қорғаудың,қамқорлаудың орнына, қалайша «циничный рассчёт» жасап, өз,(мемлекеттік тапсырма емес) жоспарын іске асырды?!Осы және басқа да сұрақтардың жауабы жоқ.Сондықтан жоғарыда жазылған ережеге сүйене отырып, Өскемен қаласының әкімі Ж.Омар қала әкімінің лауазымынан босатылсын деп талап етеміз.Өз мақсатында ертең қандай жағдайға көпбалалы аналарды пайдалануының алдын алукерек.Аналардың жағдайын ойламай, қауіпсіздігін ойламай әрекет жасаған адам, қалаәкімі болып отыруға лайықты емес деп есептейміз.Аналар ол кісіге енді сенбейді!!!!!Он себя дискредитировал».
Осыған байланысты бүгін «Жас Алаш» тілшісіүндеу иесіне хабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Ақтанжанованың сөзінше, президенттіңатына хат жазбас бұрын әкімнің орынбасарымен кездескен және олар өздерініңістеген істерін мойындаған. Бірақ осы уақытқа дейін үндеуге байланысты әкімдіктарапынан ешкім байланысқа шықпаған.
«Бізге ешкім хабарласқан жоқ. Барлығы тыныш, не күтіп отырғандарынбілмеймін. Біз талап қоймас бұрын әкімнің орынбасарымен жолықтық. Осы нәрсені негежасағандарын өз ауыздарынан естиік дедік. Сонда олар: «Ондай партия бізге керекжоқ қой. Соған байланысты біз аналардан көмек сұрадық» деді. Олар «ешнәрсе істегенжоқпыз» деп отырған жоқ, барлығын мойындап отыр. Кез келген талаптың, арыздыңқаралатын уақыты 15 күн. Осы уақыт аралығында ешқандай жауап болмаса, аналардыжинап барып, отставкаға кетуін талап етеміз», — деді Ақтанжанова.
Қазақстан демократиялық партиясынқұру тобының мүшесі Жанболат МАМАЙДЫҢ пікірінше, бұл арандатулардың артындажергілікті биліктен бөлек, күштік құрылымдар тұр және бұның барлығына Ақорданыңқатысы бар.
«Дау-дамай басталғанда біз айтқанбыз, бұл арандатудың барлығын билікұйымдастырып отыр деп. Бұның атында күштік құрылымдар, ішкі саясат бөлімдерітұр. Бұған жергілікті биліктің ғана емес, орталық биліктің, Ақорданың қатысыбар. Өскемен қаласы әкімінің бір жиынға бола арандатушыларды ұйымдастыруыныңөзі, біздің болжамдарымызды толықтай растайды», — деді саясаткер.
Атамлыш меселеге байланысты Өскемен қаласы әкімініңаппаратына хабарласқан едік. Бірақ тұтқаны көтерген әкімдік өкілі мемлекеттік тілде сөйлей алмайтындығын айтты. Осыдан кейін біз баспасөз қызметіне хабарластық. Бірақ жұмыс уақытында тұтқаны ешкім көтермеді.
Фото: Abai.kz