Қоғам

Арыста жүкті әйел мен балаларды қағып кеткен мұғалімге сот үкімі шықты

Арыста мас күйінде көлік жүргізген 52 жастағы мұғалімнің қатысуымен болған жол апатынан жүкті әйел мен екі бала қаза тапты. Оқиға 6 маусымда болған.

Фото: Kozachkov offside

Сот материалдарына сәйкес, әйел алкогольдік ішімдік ішкен күйде жол талғамайтын көлікке отырып, тұрғын үйдің қоршауын бұзып өтіп, орындықта отырған адамдарды қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген жүкті әйел, оның екі жасар ұлы және бес жастағы қыз бала көз жұмды.

Сот 52 жастағы әйелді тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған көлік жүргізуге өмір бойына тыйым салынды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Алайда сот үкімінің орындалуы бір жылға кейінге шегерілді. Бұған сотталушының кәмелетке толмаған мүгедектігі бар қызын тәрбиелеп отырғаны себеп болған.

Қаза тапқандардың туыстары сот шешімімен келіспейді. Олардың пікірінше, тағайындалған жаза тым жеңіл.

Сайт Әкімшілігі