Арман Исағалиев Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде жаңа кадрлық тағайындау болды. Мемлекет басшысының өкімімен Арман Исағалиев сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Арман Исағалиев 2020 жылдан бері Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.