Арман Шораев 20 тәулікке қамалды
Журналист әрі қоғам белсендісі Арман Шораев әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер қолданылған жазба жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысының полиция департаменті бұл деректің әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталғанын хабарлады. Осыдан кейін Шораевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материал рәсімделген.
Істі қараған сот оны кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция әлеуметтік желілерде заң талаптарын бұзатын контент жариялаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделетінін ескертті.