Саясат

Армения мен Еуроодақ алғашқы тарихи саммит өткізуде: Ереван Еуропаға бет бұрды

Ереванда Армения мен Еуропалық одақ арасындағы алғашқы екіжақты саммит басталды. Тараптар стратегиялық бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді ресми түрде бекітуді көздеп отыр.

Фото: Scanpix / AFP

Кездесу барысында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Коштамен қауіпсіздік, қорғаныс, энергетика және цифрландыру мәселелерін талқылауда.

Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар:

Визалық режимді жеңілдету: Армения азаматтарының Шенген аймағына кіруін оңайлату қарастырылуда;
Еуроинтеграция: Арменияның ЕО-ға ықтимал мүшелігі талқылануда;
Сауда хабы: Брюссель Арменияны өңірлік логистикалық орталыққа айналдыру үшін инфрақұрылымға инвестиция салуға дайын;
Энергетика: Энергия өндіру мен Қара теңіз арқылы ресурстар жеткізу жобаларына қаржы бөлу жоспарланып отыр.

«Біз сіздердің цифрлық секторларыңызды еуропалық нарықпен байланыстыруға және Арменияның географиялық артықшылығын экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналдыруға көмектесуге дайынбыз», – деді Урсула фон дер Ляйен.

Сарапшылардың айтуынша, Ереван дәстүрлі одақтасы – Ресейден біртіндеп алыстап келеді. 2026 жылдың сәуірінен бастап Еуроодақ Арменияға шетелдік ықпалға, соның ішінде дезинформациялық кампанияларға қарсы күресте қолдау көрсетіп отыр.

Саммит Мәскеудің Оңтүстік Кавказдағы ықпалы әлсіреп жатқан тұста және 7 маусымға жоспарланған Армениядағы парламент сайлауы қарсаңында өтуде. Бұған дейін Ереванда Владимир Зеленский мен Эммануэль Макрон қатысқан Еуропалық саяси қауымдастық саммиті де өткен.

Сайт Әкімшілігі