Қоғам

«Әріптесі қызметтік көлікпен қағып кеткен»: БҚО-да өрт сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндіру жұмыстары кезінде бөлімнің взвод командирі Миршат Халиуллин қаза тапты.

Фото: әлеуметтік желіден

Қайғылы оқиға Тасқала ауылдық округінде болған. Марқұмның әкесінің айтуынша, өртті сөндіру кезінде Миршатты әріптесі қызметтік көлікпен қағып кеткен. Жүргізуші қою түтіннің арасынан құтқарушыны байқамай қалғанын айтқан.

Ауыр жарақат алған Миршат Халиуллин ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

Марқұм отбасының негізгі асыраушысы болған. Артында әкесі, інісі мен қарындасы қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушының қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болғанын растады. Министрлік мәліметінше, марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі