Сараптама

АрселорМиттал Америкаға көз салды, Қазақстаннан кете ме?

Әлемде металл өнідірісі бойынша екінші орынға жайғасқан АрселорМиттал Қазақстанды ғана емес, АҚШ-ты да алаңдатып отыр.

Jasalash.kz

Олар 1901 жылы негізі қаланған, америка индустриясының символы саналатын US Steel Corp компаниясын сатып алуға өзінің ұсыныстарын жіберген.

US Steel компаниясын сатып алуға қатысты ұсыныстар сауда соғысындағы эскалацияға әкеліп отыр, себебі қазірдің өзіндің 7 миллиард долларға жуық ақша ұсынған Clevelend-Cliffs және Esmark компаниялары бар. Егер АрселорМиттал өзінің бағасын қойып, бұл келісімді сәтті аяқтайтын болса, АҚШ тарихындағы аса маңызды тарихи кезеңді жабуы мүмкін.

Осыдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын, яғни 2006 жылы Лакшми Миттал әлемдегі түрлі деңгейде тоқтап қалған, қайта өңдеуді талап ететін металл зауыттарын сатып алып, олардың өркендеуіне әсер етіп, әлемдегі металл магнатына айналып шыға келді. Ол тіпті еуропаның жүз жылдық тарихы бар Arcelor компаниясына аса қауіпті деп саналатын ұсыныс жасап, өзіне бағындыруға талпынған. Бұған оның шығу тегі үнді ұлтынан болғандықтан саяси жақтан қысым болып, келісім кейінге шегеріле берген.

Сол кездегі саясаткерлер, бюрократтар компания негізін қалаушылар мен қызметкерлер одағының мүшелері Митталдың аса қауіпті ұсынысына қарсы шығып, тосқауыл болуға тырысқан. Басты себеп ретінде Митталдың кәсібі толыққанды мәдени түрде жүзеге аспаған деп айыптаған. Соның ішінде ол кәсіпті еуропалық құндылықтар негізінде жүзеге асырмайды деген. Алайда айға созылған дау-дамайдан кейін ақыры Миттал екі компанияны қосып, ArcelorMittal-ды құрды.

Сонымен Қазақстандағы «АрселорМиттал Теміртаудың» иесі АҚШ-тың 1901 жылы негізін Ж. П. Морган қалаған US Steel Corp компаниясын сатып алуға үміткер болып отыр. Reuters анонимді дереккөзге сілтеме жасап отырып, дәл қазір АрселорМитталдың америкалық компанияны сатып алу үшін бүкіл жолды қарастырып жатқанын, тіпті US Steel үшін бас тарта алмайтындай да ұсыныс жасағанын жазды.

Егер Миттал ұсыныс жасап, US Steel үшін таласатын болса, бұл үлкен сауда соғысына әкеледі. Себебі қазірдің өзінде қос бірдей компания 7 миллиард долларға жуық ақшаны қолма-қол және акциялар арқылы ұсынған. Ал Митталдың US Steel компаниясына қызығушылығы осы жексенбіде компанияның сырттан сатып алуға қабілетті өзгеде клиенттердің ұсынысын тыңдап көруге қатысты мәлімдемесінен кейін оянған.

US Steel — бұл жай ғана жүз жылдық тарихы бар компания емес. 122 жыл ішінде темір өндірісі арқылы американың индустриясының қалыптасуына, Нью-Йорктегі БҰҰ ғимаратының, Жаңа Орлеан ғимаратының іргесін қалауға атсалысқан. Егер АрселорМиттал бұл келісімге қол жеткізсе, АҚШ үшін аса маңызды тарихи кезеңнің жабылуы ғажап емес. Нақтырақ айтқанда, Миттал компанияны алған күні Американың болат өндірісіндегі үміттері күлге айналмақ.

Еске сала кетейік, биыл «АрселорМиттал Теміртауда» өрт болып, 5 адам қаза тапты. Шахтада 227 қызметкер болған, олардың 222-і аман қалған.

М. Ақан
Тегтер: Без Тега