Сараптама

«Артық қылам деп тыртық қылды» - Мақтааралдағы мешіт имамы видео түсіріп таратқандарға сәлем айтты

Azattyq Ryhy қазір Мақтаарал ауданынабарып, су басқан ауылдардың жағдайымен танысып жүрген блогер Алмас Тоқабаевпентікелей эфирде сұхбаттасты.

Jasalash.kz

Ол апат болған өңірде өзі байқаған бірнеше қызықдетальға тоқталды. Жер-жерден келіп жатқан гуманитарлық көмекті заңсыз алмақболған азаматты да байқағанын айтты.

«Он шақты күн гуманитарлық көмек алыпжүрген дейді. Адамдар сұрап, түрі бөтен болғасын күдіктеніп, тексерсе, сушайған емес, басқа ауылдың тұрғыны болып шыққан. Бірақ мұны жаппай құбылыс депайтуға болмайды. Мұндай жағдай орын алған себебі – түрлі қалалардан Тараздан,Қызылорда, Шымкенттен көмектесемін деген адамдар келеді де, «Сен қайауылдансың, су басқан елді мекенненсің бе?» деп бір ауыз сұрап, қолдарына ақшаұстатып кетеді. Ар жағын тексере бермейді. Қайырымдылық жасағандар өздерін детаныстырмайды. Осы жерден мен оңтүстіктің бауырмалдылығын байқадым», — дедіА.Тоқабаев.

Бір айтакетері Үкіметтің қаржылай көмегі қолма-қол емес, құжат арқылы үлестіріледі.Сондықтан оны алаяқтар пайдаланып кете алмайды. Оның сөзінше, елдіңтүкпір-түкпірінен келіп жатқан гуманитарлық көмек көлемі өте көп.

«Қоймаларды көрдім. Тамақ, киім жеткілікті.Шашылып жатқан жоқ, тәртіппен үлестіріліп жатыр. Артылған азық-түліктітұрғындар үйлеріне оралған соң теңдей бөліп бермек. Полиция блок-постпен ауылдыжауып қойған. Су басқан үйлерге тұрғындар мекен-жайын анықтамасын алып,рұқсатпен, ТЖ қызметкерлерімен ғана кіріп шығады. Себебі морадерлық әрекеттерболуы мүмкін», — деді бұл жайлы блогер.

Алмас өзі аралаған ауылдарда,тіпті елдегі карантинді ескермесек те, маскасыз жүру мүмкін емес екенін айтады.Себебі, малдың өлексесі шашылып жатыр.

«Малдың, иттің өлекселері жатыр. Қоқыс,мал өлігі Өзбекстаннан да ағып келген. Бұл антисанитария болғандықтанветеринариялық қызметкерлер жинап жүр. Фердоуси тұрғындары мал шығыны туралыайтпады, көбі егіншілікпен айналысатын көрінеді. Жеңіс ауылының тұрғындарыұсақ-түйек болмаса, ауыз толтырып айтарлықтай мал шығыны жоқ екенін жеткізді», — деп пікір айтты А.Тоқабаев.

Блогер басында«ауылда мүлдем көмек көрсетілмей жатыр» деген мазмұндағы ақпаратты тұрғындаремес, сырттағы азаматтар таратқан деген ойда.

«Бұл жерге келмеген, аяғын аттап баспағанадамдар арандату жасайтынын байқадым. Ал ауылдың өз тұрғындары әлеуметтікжеліге қарамайды. Бұл жерде өз ақсақалдары құратын Whatsapp чаттар өзараталқылайды. Ал сыртта мүлдем басқа ақпарат тарататын жағдайлар болады. Мысалы,кеше салынып жатқан үйлердің шаршы метрін қысқартыпты деген ақпарат шыққан соңбізге өлшетті. Бәрі орнында екен. Негізі арандатушылар сыртта», — деп айтты ол.

А.Тоқабаевсуреті желіде тарап кеткен мешітке барып, наиб-имаммен де сөйлескен.

«Мешіттің наиб имамымен сөйлестім.Сөйтсек, бұл мешітті бір метрдей биіктеу қылып салған екен. Сондықтан үйлергесу кеудеден келетіндей көлемде кірсе, оған белден келетіндей кірген. Едендеріншайған. Наиб-имам «Сол видеоны шығарған адамдар нағыз мұсылмандарды мазаққылды. Біз сол үшін ренжуліміз. Артық қылам деп тыртық қылды. Алланың құдіретідәлелдеуді қажет етпейді.  Елдің бәріне көрсетіп, асыл дініміздің қасиетінкетірді» деп сәлем айтты», — деп жеткізді А.Тоқабаев.

Еске салсақ, Мақтаарал ауданы,Өргебас ауылындағы мешітті тасқын кезінде су алмағаны жайында кейбір желіқолданушылары мен БАҚ ақпарат таратқан болатын. Олар мұны «құдайдың құдіретінебалап, бұл адамдарға ескерту» деген еді.  

Ақпарат үшін: 1 мамырда Өзбекстанның Сардоба суқоймасында апат болып, шекаралас Мақтаарал ауданындағы бірнеше елдімекенді су басып қалды. Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоусиауылдарынан жалпы 31 мың азамат қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын.

Сұхбаттың толық нұсқасынтөмендегі видеодан көре аласыз.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега