Арыста әлі де жарылмаған снарядтар үйлерде жатыр
Жарылыс болған Түркістан облысындағы Арыс қаласына бару әлі де қауіпті.Саперлар залалсыздандыру жұмыстарын жалғастыруда.
«Әскерилер Арыс қаласының 16 көшесінен 70 жарылмаған снарядтыжинап алды. Снарядтардың көбі үйлердің ішінде жатыр. Құжат үшін үйге баруғаболмайды», — деп жазды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ facebook.comәлеуметтік желісіндегі парақшасында.
24 маусым күні таңертең Арыс қаласындағыәскери бөлімдердің бірінен өрт шығып, қару-жарақ қоймаларында жарылыс болған. Екіадам қаза тауып, 165 тұрғын дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың 89 ауруханаға жатқызылған. 15 адам жансақтау бөліміндежатыр.Түркістаноблысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВ эвакуация жасалатынын мәлімдеп, облыста төтеншежағдай жарияланды. ІІМ-нің оңтүстікөңірлік әскери-тергеу басқармасының Шымкент бөлімі Қылмыстық кодекстің462-бабының 1-бөлімі (қару, сондай-ақ басқаларға қауіп тудыратын заттар меннәрселерді сақтау ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқи отырыңыздар: АқтөбедеТоқаевтың тапсырмасы қашан орындалады?
Фото: facebook.com