Саясат

Арыстанбек Мұхамедиұлының қызметкерлері сотталды

Өткен жылдың қазан айындаМемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы агенттік АрыстанбекМұхамедиұлы басқарған министрліктің лауазымды қызметкерлі ұсталғаны туралыхабарлаған болатын.

Jasalash.kz

Содан бастап тергеу жұмыстары жүрген. Оларды тендералушыларды қорғады және солармен сыбайлас болды деп айыптаған еді. Күдікрасталып, кінәлі адамдар жазаға тартылды. Ал министрлікті сол уақытта басқарғанАрыстанбек Мұхамедиұлы жауапқа тартыла ма?

Астананың Есіл ауданының №2 Соты Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жоғары шендіқызметкерлеріне қатысты үкімін шығарды.  Сот министрліктің бұрынғы жауапты хатшысыҚуатжан Уәлиев пен Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтыкінәлі деп тапты. «Қуатжан Уәлиев қылмыс жасағаны үшін Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық Кодексінің 366 бабының 3 бөлігі, 2,3 тармақтары бойынша кінәлі дептанылсын. Соған сәйкес 8 жылға бас бостандығынан және өмір бақи мемлекеттікқызмет істеу құқығынан да айырылсын. Жазасын жалпы колонияда өтейді.

Еренай Дәржібаев қылмысжасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366 бабының 3 бөлігі,2,3 тармақтары бойынша кінәлі деп танылсын. Соған сәйкес 7 жылға басбостандығынан және өмір бақи мемлекеттік қызмет істеу құқығынан да айырылсын.Жазасын жалпы колонияда өтейді», — деді сот Қанат Тобағалиұлы. Сот соныменқатар Уәлиев пен Дәржібаевты мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныстыТоқаевқа жолдап қойды.

Тергеу ісі жүріп жатқан кездеАрыстанбек Мұхамедиұлы министр болып тұрғанда жауапты хатшысы болған ҚуатжанУәлиев кепілде болған, ал Еренай Дәржібаев үй қамақта отырған.

Бұл іске қатысты тағы екіадамның тағдыры шешілді. Бірі – «Қазақпарат» баспасының басшысы ҚонысбекБотбай, екіншісі – осы корпорацияның қызметкері Нұркен Құралбаев. Оларшенділерге пара бергені үшін айыпты болды. Соттың шешімі бойынша белгілібаспагер Қонысбек Ботбай кінәлі деп танылып, қылмыстық кодекстің 55 бабының 4бөлігі бойынша жазаға тартылды. Жазасы: 7 жылға бостандығы шектеліп жәнемемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда жұмыс істеу құқығынан да айырылды.Сот бұл шешімді Қонысбек Ботбайдың денсаулығы мен жасына байланысты шығарды.

«Нұркен Құралбаев Қылмыстықкодекстің 28 бабы, 5, 367 бөлігі және 3 бөліктің 2 тармағына байланысты қылмысболған жерде болмағандықтан кінәсіз деп танылсын», — деді Қанат Тобағалиұлы.Үкім оқып болған соң сот Уәлиев пен Дәржібаевқа не үшін айыппұл көлемінде шешімшығармағанын түсіндірді. Соттың айтуынша, кінәлі шенділер жоғары айыппұлды төлейалатын жағдайлары барын айтпаған, иә ондай құжат келтірмеген. «Жинаған қаржыларыжоқ. Айыппұл төлейтін шешім шығару үшін бұл кісілердің алған параларынанқолма-қол беретін 60 есе көп  ақшаларыболуы тиіс. Ол сомма – 822 миллион 352 мың 500 теңге. Ондай ақша төлей алмайтынболған соң, мен бұл шешімге жүгінген жоқпын», — деді істі қараған сот.

Соттың шешімі күшіне енген жоқ.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега