Саясат

Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Асқарбек Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Фото: Gov.kz

 Бұған дейін министр лауазымын атқарған Светлана Жақыпова сол күні Президент Жарлығымен қызметінен босатылды.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, сондай-ақ «НҰР» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман ретінде бастаған. 2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.

2014 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінде бас сарапшы міндетін атқарды. 2014-2021 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет етіп, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры болды.

2021-2022 жылдары Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінде талдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары Премьер-министр кеңсесінің, Үкімет аппаратының экономикалық бөлімін басқарды.

2024 жылдың тамыз айында Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

Сайт Әкімшілігі