Оқиғалар

"Президент Тоқаев жиі айтатын "Заң және тәртіп" қағидатының мәні енді ашыла түскендей" – Алмас Алтай

Бейсенбі Астана үшін берекелі басталды: аспаннан доллар жауды Алайда, бұл берекенің бір-екі қазаққа қатысы болмай шықты.

Фото ашық дереккөз

 "Самұрық Қазынаның" бастығы Нұрлан Жақыпов пен "ҚТЖ" АҚ төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталғаны туралы ақпарат та іле-шала жария етілді.

Асылы, оқиға былай өрбігенге ұқсайды. Ұсталған екі дәудің бірінің әйелі доллар толы шабаданды "бәлесінен аулақ" деп терезеден зытырған секілді.

Тергеу кезінде айтыла жатар бүге-шігесі… Қалай болғанда да бұл қатардағы жемқорлықты әшкерелеу оқиғасы емес: ұсталғандардың салмағына қарасақ, бұл таза акула аулау операциясы!!!Бір күнде екі айлапат шенеунікті бүктеп тастау деген…

 Бұл жылына бола беретін нәрсе емес! "Заң мен Тәртіп" деген қағиданың кезекті науқандық ұран емесін осыдан анық көруге болады. Қызмет, лауазым, таныстық, байланыстар – бәрі зая, қылмыс істедің бе жабыласың!!!

Оқиғаның екінші бір қыры: ұлттық байлық пен мемлекеттік қазынан қарақан басының қалауына пайдаланғысы келетіндердің тірсегі қиылады! Үлкен компанияларды басқару – жауапкершілік, нағыз халық үшін жұмыс жасайтын жер!

Үшіншіден, дұрыс күрес деген осы! Жемқорлықпен күрес деген осындай акулалардан басталуы керек қой. Әйтпесе, қатардағы кішкентай қызметкерлерден заңды қимыл талап етудің не қисыны бар?

Президент Тоқаев жиі айтатын "Заң және тәртіп" қағидатының мәні енді ашыла түскендей. Ендігі мәселе, мыналардың тергеуінің әділ әрі ашық жүргізіліп, кінәлі болса заңға сай жазасын алуы!!! "Анау самұрық, мынау күйкентай" деп бөлмеу керек, бәрін бақырту керек, шіш!

Алмас Алтай

Сайт Әкімшілігі