Асқар Мамин қоқыс жинап жүр
Премьер-министрАсқар МАМИН «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастады.
Үкіметбасшысы бастаған экологиялық акцияға қатысушылар Қоянды су қоймасы аумағынтазалады. Бұл бастаманы экология, геология және табиғи ресурстар министріМағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ көтерген болатын.
«Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпы республикалықшараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан»акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», — дедіАсқар Мамин.
Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияға 1200-ден астамадам қатысты. Олардың ішінде ҚР Үкіметінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ, Ақмола облысының әкімі Ермек МАРЖЫҚБАЕВ, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың,дипломатиялық корпустың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер,еріктілер бар.
Акция қатысушылары суқоймасы жағалауы аумағын қоқыстан тазартып, қоқыс жинайтын арнайы бактар қойды.Сары контейнерлерге өңдеуге болатын қалдықтар жиналса, жасыл жәшіктергеөңделмейтін қоқыстар салынды.
Фото: government.kz