Әлеумет

Астана соты украиналық «Нафтогаздың» пайдасына«Газпром» компаниясынан 1,4 миллиард доллар өндіріп алуға рұқсат берді

Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) соты украиналық «Нафтогаздың» пайдасына Ресейдің «Газпром» компаниясынан шамамен 1,4 миллиард доллар өндіріп алуға рұқсат берді.

Фото: из открытых источников

Бұл туралы «Нафтогаз Украина» компаниясының басшысы Сергей Корецкий мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан швейцариялық арбитраж шешімін ресми түрде танып, оны мәжбүрлі түрде орындатуға мүмкіндік берген алғашқы шетелдік юрисдикция болды.

«Бұл – аталған арбитраж шешімін жеке бір юрисдикцияда мәжбүрлі түрде орындауға мүмкіндік берген алғашқы жария шетелдік сот шешімі. Біз Ресейдің газ монополиясынан өтемақы өндіру бойынша әлемнің түрлі елдерінде жүйелі жұмысты жалғастырып жатырмыз», – деді «Нафтогаз» басшысы.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Сот