Қоғам

Астанада «102» қызметінің операторын балағаттаған ер адам сотталды

Қала тұрғыны «102» арнасына қоңырау шалу барысында оператордың атына балағат сөздер айтып, ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлау» қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған.

Фото: ашық дереккөз

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. 

Сот үкімімен оған 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сайт Әкімшілігі