Астанада 18 жастағы бойжеткен TikTok арқылы алаяқтық жасаған
Астана қаласында "Hi-Tech" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында әлеуметтік желі арқылы жасалған кезекті интернет-алаяқтық дерегі әшкереленді.
Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 18 жастағы қыздың интернет арқылы алаяқтық жасағаны анықталды. Тергеу мәліметінше, күдікті TikTok әлеуметтік желісінде сәнді киімдерді қолжетімді бағамен сататыны туралы хабарландыру жариялаған.
Тауарды сатып алмақ болған қыз бала байланысқа шығып, алдын ала төлем жасауды сұраған. Сатып алушы сеніп, 250 мың теңгені көрсетілген есепшотқа аударған. Алайда ақша қолға тигеннен кейін сатушы уәде етілген киімді жібермеген, ал көп ұзамай жәбірленушімен байланысын толық үзген. Осылайша азамат интернет-алаяқтың құрбаны болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.