Қоғам

Астанада атқа мініп, қала аралаған блогерге айыппұл салынды

Астанада қала көшелерімен атпен жүрген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы полиция хабарлады.

Фото: видео-скрин

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 35 жастағы елорда тұрғыны атпен автокөлік жүретін жолмен және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен жүріп, тұрғындардың қозғалысына кедергі келтірген.

Монумент «Бәйтерек» бағытына бет алған кезде жануар жолай қиылыстардың бірінде тротуарды ластап, жасыл желекті таптап өткен.

Оқиғаға байланысты ер адам абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін екі бірдей әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылып, оған айыппұл салынды.

Полицияның мәліметінше, блогер бұл әрекетке қаладағы ойын-сауық орындарының біріне арналған жарнамалық бейнеролик түсіру мақсатында барған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Астана блогер