Астанада аттан құлап, комада жатқан қыз қайтыс болды
Астана тұрғыны Целиноград ауданындағы ат спорты клубтарының бірінде аттан құлап, алған жарақатынан қайтыс болды.
Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 6 шілдеде болған. Аттан құлаған қыз ауыр жарақат алып, медициналық көмек көрсетілген.
Оқиғадан кейін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Алайда 13 тамызда қыз алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Осыған байланысты қылмыстық іс қайта сараланбақ.
Полиция қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.