Қоғам

Астанада бейтаныс адамды жолаушысы деп ойлаған такси жүргізушісі бес тәулікке қамалды

Астанада такси жүргізушісі вокзал маңында бейтаныс адамды өз жолаушысы деп ойлап, оның сөмкелерін көлігіне салып жіберген.

Фото: әлеуметтік желіден

Кейін бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған жүргізуші бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Оқиға елордадағы "Нұрлы жол" теміржол вокзалының маңында болған. Автотұрақта тұрған ер адамды такси жүргізушісі күтіп тұрған клиентімен шатастырған. Ол бейтаныс азаматтың сөмкелерін көлікке салып, оған дауыс көтерген.

Алайда әлгі адам такси шақырмағанын, досын күтіп тұрғанын түсіндірген. Осыдан кейін жүргізуші қателескенін түсініп, кешірім сұраған да, көлігіне қайта отырған.

Оқиғаны өзі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген такси жүргізушісінің жеке басын полиция анықтады. Ол – Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны Серікбай Кенбай. Құқық қорғау органдары оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, бес тәулікке қамаған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Астана Такси