Қоғам

Астанада бұрынғы полиция полковнигі қарамағындағы қызметкерін жыныстық әрекеттерге мәжбүрлегені үшін жазаланды

Астанада ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы басшысы Данияр Мейрханға қатысты сот үкімі шықты.

Фото: ашық дереккөз

19 қарашада ауданаралық қылмыстық сот оны бағынышты қызметкерін жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін кінәлі деп таныды.

Журналист Михаил Казачковтың жазуынша, 2025 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында полковник қарамағындағы әйелді жұмыс орнында жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген. Жәбірленуші психологиялық қысым мен жұмысынан айырылып қалу қорқынышынан оның талабына көнуге мәжбүр болған.

Сотта Мейрхан кінәсін мойындаған. Іс материалдарын қарау кезінде жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, нотариус куәландырған хат-хабарлар және маманның қорытындысы дәлел ретінде ескерілген.

Сот шешімімен оған Қылмыстық кодекстің 123-бабының 1-бөлігі бойынша 1 500 АЕК, яғни 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

Сайт Әкімшілігі