Қоғам

Астанада досын туған күнімен құттықтамақ болған жігіт қамауға алынды

Астанада полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Оқиға елордадағы "Триатлон" саябағында пиротехникалық бұйымдарды іске қосуға байланысты болды. Анықталғандай, 19 жастағы жас жігіт досын туған күнімен ерекше құттықтағысы келіп, саябақ аумағында пиротехника атқан.

Алайда бұл әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкелді. Құқық бұзушы соттың шешімімен бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция белгіленген талаптарды бұза отырып, қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертеді.

Мереке қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс. 

Сайт Әкімшілігі