Қоғам

Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды

8 қарашада Астанада Айтматов көшесіндегі көпірдің астынан, Kolsai тұрғын үй кешенінің маңынан Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды.

Фото: әлеуметтік желіден

Полиция мәліметінше, марқұм 56 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Алдын ала тексеру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, ер адамның өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Астана мәйіт