Оқиғалар

Астанада камераға түспеу үшін нөмірін жапқан жүк көлігінің жүргізушісі көлік басқару құқығынан айырылды

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 600-ге жуық дерегін анықтады.

Фото: полиция

Олардың ішінде ең көп таралғаны – жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзудың 200-ден астам дерегі, белгіленген техникалық талаптарға сай келмейтін көлік құралдарын басқарудың 100-ден астам жағдайы, сондай-ақ көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудың 90-ға жуық дерегі бар. Сонымен қатар көлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 15 дерегі және қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығудың 11 фактісі анықталды.

Осындай заң бұзушылықтардың бірі елордаға кіреберісте анықталды. Howo жүк көлігінің 24 жастағы жүргізушісі бейнекамераларға түспеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірін матамен жауып қойған. Алайда құқық бұзушылықты жасыру әрекеті нәтижесіз болды. Жүргізуші тоқтатылып, жауапқа тартылды.

Сот шешімімен ол бір жыл мерзімге көлікті басқару құқығынан айырылып, қамауға алынды.

 

Сайт Әкімшілігі