Оқиғалар

Астанада қатар тұрған үш үйден өрт шықты

Астананың Байқоңыр ауданындағы Толстой көшесінде орналасқан бірнеше нысанда өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан екі жеке тұрғын үйдің шатыры мен бір шаруашылық құрылысы отқа оранған.

Фото: ТЖМ

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимараттардың шатырлары толықтай жанып жатқан.

Өртті ауыздықтау үшін судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылып, бірнеше су оқпаны іске қосылды. Алайда өрттің жалындап жануы мен қою түтін сөндіру жұмыстарын қиындатқан.

ТЖМ мәліметінше, 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, өрт ошағынан бес газ баллонын алып шықты. Бұл жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берген.

Қазіргі уақытта өрт толық тоқтатылды. Мамандар жасырын жану ошақтарының қайта тұтануына жол бермеу үшін су құю және зақымданған құрылымдарды бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өрттің шығу себебі анықталып, оқиға орнында тиісті жұмыстар жалғасуда.

Сайт Әкімшілігі