Саясат

Астанада Көлгінов кімнің көлігін мінеді екен?

Қазақстанныңең жас облыс әкімі Алтай КӨЛГІНОВНұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.

Jasalash.kz

Бұл туралы «Жас АЛАШ» ҚРпрезидентінің ресмисайтынасілтеме жасап хабарлайды.

Көлгінов кім?

АлтайСейдірұлы Көлгінов 1978 жылы қазір Түркістан облысында дүниеге келген. А.Яссауиатындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағымемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ҰлыбританияныңАбердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі,халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан РеспубликасыныңҚарулы күштерінде қызмет еткен.

2001-2008жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істеріАгенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 2010-2012жылдары ҚР

ПрезидентіӘкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімініңмемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстаноблысы әкімінің орынбасары.2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметіндеболды.

2016жылдың 26 наурызынан бастап  БатысҚазақстан облысын басқарды.

Қазақстандағыең жас облыс әкімі атанған Алтай Көлгінов бір жылдан кейін қымбат көлікке дегенынтазарлығымен танылды. 2017 жылы отандық БАҚ облыс басшысының астындағы көлікқұны 56 млн теңге тұратынын жазды.Артынша әкімнің баспасөз хатшысы Жарқын ЖҰМАДІЛОВ  Audi A8 Long автокөлігі бюджет қаражатын үнемдеу үшін жергіліктікәсіпкерден жалға алынғанын айтқан. Айына 50 мың теңге төленіпті.

Қызығы Көлгіновтың аты осы көлікпен шығабереді. Бұрынғы президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «шенеуніктер отандық көліккеотырсын» деген сөзі құлағына жетті ме, 2018 жылы жергілікті «Уральская Неделя»газеті облыс басшысының жаңа көлігі туралы жазды.Бұл жолы Алтай СЕЙДІРҰЛЫ 17 млн теңге тұратын KIAQuoris машинасымен көзге түсті. Бірақ бұл машинаны әкім мырза ол кезде облыстықполиция департаментінен алған болып шықты.

Нұр-Сұлтанда енді Көлгінов кімнің көлігін мінеді екен?

Коллаж: zhasalash.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега