Қоғам

Астанада Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

ҰҚК мәліметінше, ол заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Фото: gov.kz

Бұған дейін оның ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Онда полиция полковнигі Әлия Мақаева заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысы болуы мүмкін екені айтылған. ҰҚК бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады. Алайда тергеу құпиясына байланысты өзге мәліметтер жарияланбады.

Белгілі болғандай, Әлия Мақаева ішкі істер органдарында көп жыл қызмет еткен.

Ол еңбек жолын 2001 жылы бастап, кейін Астана қаласының көші-қон полициясы бөлімшелерінде түрлі лауазымдарды атқарған.

Сайт Әкімшілігі