Қоғам

Астанада LRT желісінде өрт шықты

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Есіл ауданында Сығанақ көшесі бойындағы LRT аумағында электр кабельдері өртенген.

Фото: скриншот

Оқиға кезінде LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқан. Осыдан кейін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті толық сөндірді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі