Оқиғалар

Астанада ойын клубына ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Астанада полиция қызметкерлері ойын клубынан ірі көлемде мүлік ұрлаған күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті аталған ойын клубында 2 жыл бойы әкімші болып жұмыс істеген. Сенімге кірген ол клубтан 8 PlayStation ойын құрылғысы мен бір теледидарды жасырын түрде ұрлап, кейін оларды қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, өз кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 720 мың теңге болды. 

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі