Қоғам

Астанада подъезд терезесінен дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды

Астанада полиция Айтеке би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің подъездегі терезесінен дәрет сындырған ер адамды анықтады.

Фото: полиция

Құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді.

Ол — 43 жастағы елорда тұрғыны, Ақмола облысының тумасы Тимур Жунусов болып шықты.

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сайт Әкімшілігі