Астанада полиция формасын киіп видео түсірген ер адам ұсталды
Астанада әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді деген видеолар жариялаған 30 жастағы ер адам ұсталды.
Полицияның мәліметінше, ол бейнероликтерді түсіру кезінде полицияның айырым белгілері бар қызметтік форманы заңсыз пайдаланған. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
Кейін ер адамның жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған полицияның айырым белгілері бар форманы заңсыз кигені және заңға қайшы контент таратқаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.