Қоғам

Астанада сатып алушыларды алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалон директоры бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөліктерді сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан.

Фото: из открытых источников

Сатып алушылардан алынған ақшалай қаражатты жеке мақсаттарына пайдаланған. Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрініс жасау мақсатында жәбірленушілерге банк төлемдері жасалғаны туралы жалған құжаттарды ұсынған.

Сотталушының әрекеттерінен 6 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 128 млн теңгеден аса материалдық залал келтірілген. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап қоюлар қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енді.  

Сайт Әкімшілігі