Қоғам

Астанада шлагбаумды теуіп сындырған 20 жастағы тұрғын жауапқа тартылды

Астанада 20 жастағы тұрғын тұрғын үй ауласындағы шлагбаумды қасақана бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Фото: полиция

Оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында болған. Полиция жас жігіттің шлагбаумды бірнеше рет аяғымен тепкенін анықтады. Соның салдарынан құрылғы істен шығып, мүлік иесіне материалдық шығын келген.

Полиция өзгенің мүлкін, соның ішінде тұрғын үй аулаларындағы инфрақұрылым нысандарын қасақана бүлдіру заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Жыл басынан бері елордада бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіруге қатысты 120-дан астам факт анықталған. Полиция әр жағдай бойынша заңға сәйкес шара қабылдаған.

Сайт Әкімшілігі