Қоғам

Астанада спортшылардың жалақысынан 50 мың теңгені екі жылдай басшының туысы алып отырған

Астана паракарате федерациясының спортшылары федерация басшылығының талабымен 23 ай бойы ай сайын жалақыларынан 50 мың теңгеден ұсталғанын мәлімдеді.

Фото: из открытых источников

Спортшылардың айтуынша, бұл қаражат «аз қамтылған адамдарға көмек көрсету» үшін жиналған. Ал ақша беруден бас тартқан спортшылар жұмыстан шығарылған. Олардың сөзінше, жиналған қаражатты федерация басшысының туған әпкесі мен жақын досы алған. Осыдан кейін спортшылар Ішкі істер министрлігіне арызданған.

Кейін федерация басшысы ақшаны қайтарып, спортшылардан кешірім сұраған. Алайда параспортшы Жетес Нұрмағамбетов арызын қайтарып алмаған. Соған қарамастан министрлік істі тоқтатқан.

Ал полиция бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі