Астанада сүйіктісінің туған күнін отшашумен атап өтпек болған жігіт бес тәулікке қамалды
Қаладағы білім беру ұйымдарының бірінің маңында пиротехникалық бұйымдарды іске қосу фактісі анықталды.
Белгілі болғандай, 23 жастағы ер адам сүйіктісінің туған күнін отшашумен атап өтпек болған. Алайда оның әрекеті жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзған.
Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасау, тыныштықты бұзу, сондай-ақ елді мекендерде және бұл үшін арнайы белгіленбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану бойынша тағы бір дерек тіркелді. 22 жастағы ер адам досын туған күнімен құттықтау мақсатында отшашу атып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен оған да бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.