Қоғам

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: полиция

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері такси жүргізушісіне қатысты жолаушының құқыққа қайшы әрекет жасағанын анықтады. Жарияланған бейнежазбада ер адамның көлік салонында қызға тиісіп, балағат сөздер айтқаны көрінеді.

Аталған факт бойынша 39 жастағы құқық бұзушы – Данияр Ахметов анықталды.

Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Соттың шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды. 

Сайт Әкімшілігі