Астанада тұрғын үйдің кәрізінен өлі күйінде табылған нәрестенің анасы анықталды
Астанада көпқабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесінен табылған жаңа туған нәрестенің өліміне байланысты 29 жастағы әйел күдікке ілініп, ұсталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел қонақүй бөлмесінде өздігінен босанған болуы мүмкін. Тергеу нұсқасына сәйкес, осыдан кейін жаңа туған нәрестенің денесін кәріз жүйесіне тастаған. Соның салдарынан мәйіт құбыр арқылы тұрғын үйдің кәріз құдығына жеткен.
Оқиға 3 шілде күні белгілі болған. Кәріз жүйесіне қызмет көрсететін тұрғын құбырдағы бітелісті ашу кезінде нәрестенің денесін тауып, бірден құқық қорғау органдарына хабарлаған.
Астана қаласының Полиция департаменті мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті сараптамаларды жүргізуде. Құқықтық баға тергеу нәтижесіне сәйкес беріледі.