Оқиғалар

Астанада жеке мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, 17,6 млн теңге алған ер адам сотталды

Жеке деректерін таратқаны үшін Астана тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді пайдаланып, оларды таратамын деп қорқытып, ақша талап еткен.

Фото: ЖИ

Психологиялық қысымды күшейту мақсатында ол мессенджерде құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде өзін таныстырып, жәбірленушіні ақша беруге, яғни жәбірленушіге қатысты мәліметтердің таралмауы мәселесін шешуге көндірген жалған аккаунт құрған.

Қорқытулардың жүзеге асуынан қауіптенген жәбірленуші сотталушыға 17,6 млн теңгеден астам ақша берген. Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

Үкім заңды күшіне енбеді. 

Сайт Әкімшілігі