Қоғам

Астанадағы LRT пойызы жолаушылардың әрекетінен тоқтап қалған

Бұған дейін Астанадағы жаңадан іске қосылған LRT пойызы кенеттен тоқтап қалғаны туралы ақпарат тараған еді.

Фото: из открытых источников

City Transportation Systems компаниясының хабарлауынша, жолаушылар төтенше жағдай жүйелерін себепсіз іске қосып, пойыз жұмысына кедергі келтірген. Атап айтқанда, олар платформалардағы шұғыл тежеу батырмасын басып, авариялық есік ашу жүйесін қолданған. Сондай-ақ вагон есіктерін күштеп ашуға әрекеттеніп, есіктердің жабылуына әдейі тосқауыл қойған жағдайлар тіркелген.

Компания өкілдерінің айтуынша, LRT толық автоматты режимде жұмыс істейтіндіктен, мұндай әрекеттер қауіпті саналады, пойыздардың тоқтауына және қосымша тексеріс жүргізілуіне себеп болады.

CTS жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Компания LRT желісі жоғары кернеумен жұмыс істейтінін ескертіп, төтенше жағдайда есіктерді құрамдағы оператор ғана аша алатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар барлық құқық бұзушылар бейнебақылау камералары арқылы анықталып жатқаны айтылды. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жіберіліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сайт Әкімшілігі