Аймақ

Астанадағы мектепте оқушыға футбол қақпасы құлап, 10 жасар бала мерт болды

Астанадағы мектепте оқушыға футбол қақпасы құлап, бала мерт болды. Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы мәлім етті.

Jasalash.kz

«№10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Теміртауда спорт алаңында ойнап жүрген балаларды жасанды көгал басып қалған еді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега