Саясат

Астаналықтар қарызға салынып жатқан метромен жүрмейтін болды

Елорда әкімі Бақыт СҰЛТАНОВ Astana LRT жеңіл рельсті жерүсті метросының құрылысы уақытша тоқтағанын мәлімдеді.

Jasalash.kz

Бақыт СұлтановтыңҮкімет үйінде премьер-министр Асқар МӘМИНГЕ берген есебінен  түсінгеніміз, елорда «Астана-EXPO-2017»сияқты ірі жобалардан кейін «ес жия алмай» жатқанға ұқсайды.

«Ақшажоқ, аспалы көлік те жоқ »

Премьер-министрАсқар Мәмин елордадағы инвестиция көлемі мен құрылыс көрсеткішінің едәуіртөмендеп кеткенін айтты. Бақыт Сұлтанов бұл мәліметті растап, биыл тек төрт іріжоба жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.  

— Құрылыскөрсеткіші 43% төмендегендіктен, инвестиция да екі есеге азайды. Былтырбірқатар ірі жобалардың құрылысы аяқталды, соның ішінде «Астана халықаралыққаржы орталығын» EXPO көрмесінен қалған павильондарға орналастыру үшін 20 млрдтеңге бөлінді. Соңғы екі жылда қалада 12 ірі нысан пайдалануға берілді, ал биылтек төрт жоба жүзеге асады деп отырмыз. Қазір Astana LRT құрылысы тоқтатылды,бұл да көрсеткіштің азаюына әсер етті, — деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Әкім биылорындалатын төрт ірі жобаны сипаттаған жоқ. Тіпті, жерүсті метросының құрылысықандай себеппен тоқтап тұрғанын да түсіндірмеді. Кейінірек, қалалық әкімдіктіңбаспасөз қызметі «Astana LRT» ЖШС-ның құрылыс дирекциясы берген ақпаратқасүйеніп, бір себебін атағандай болды.

«LRT жаңа көлік жүйесі, 1-кезек» құрылысына қатыстыкелесіні хабарлаймыз:

Қазақстан мен Қытай тараптары арасындағы келісімдежоба Қытайдың мемлекеттік даму банкі (ҚМДБ) арқылы алынған қарыз есебіненқаржыландырылатыны көзделген. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының бір бөлігіаяқталды және қаржыландырылды. Қазіргі уақытта өзара талаптарды нақтылаумақсатында, жобаны қаржыландырудың уақытша кідіруін тудырған Қытай консорциумымен ҚМДБ арасында қаржыландырудың келесі транштары келісіліп жатыр.

Сонымен қатар, жобаға жүктемені төмендету жәнеқаржыландыру шарттарын жеңілдету мақсатында әкімдік Қазақстан РеспубликасыҮкіметімен бірлесіп, ұлттық валютадағы ішкі көздер есебінен жобаны одан әрііске асыру жобаларын қарастыруда», — деп хабарлады қала әкімінің баспасөзқызметі.

Қытайконсорциумы Назарбаевқа не үшін хат жазған?

Қалалық әкімдіктің ақпаратында айтылғандай, бас қаладағы жерүсті метросы құрылысына керекті қаржыны Қытайконсорциумы тоқтатып отыр. Ол консорциумға  China Railway№2 Engineering Group Co., Ltd, Beijing State-Owned Assets Management Co., Ltd и China Railway Asia — Europe Construction InvestmentCo., Ltd атты үш қытайлық компания мүше.

Ал,тура екі жыл бұрын осы Қытай консорциумы жерүсті метроның құрылысына кедергі жасап отырғандарды атап, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазған еді.

Қытай консорциумы өз хатында Қазақстан тарапы AstanaLRT құрылысын уақытында бастау үшін аяқтан шалып отыр деп мәлімдеген болатын.

«Консорциум жобаны жүзеге асыруға әдейі кедергіжасап отырғандай сезімде. Осы хатымыз арқылы Сізден ЛРТ құрылысы жөніндегідирекцияның құрылысқа кедергі жасап отырған шешіміне қатысты шара қолдануыңыздысұраймыз», — делінген еді қытай бизнесмендерінің хатында.

Одан әрі хатта консорциум нақты қандай кедергіге тапболғанын айтады.

«2017 жылдың қаңтарында Астана әкімдігі мен тапсырысберуші «Астана ЛРТ» ЖСШ  метро құрылысынабақылау жасау үшін Астана әкімдігі «ЛРТ құрылысы жөніндегі дирекция» ЖШС аттыеншілес кәсіпорын құрғанын хабарлады. Бұл жаңалық бізді жаңылыстырды, себебі,біздің жоба бойынша нақты келісімшарт жасасқан компания 2011 жылы құрылған«Астана ЛРТ» ЖШС еді. Ал, жаңадан құрылған компания келісімшарт бойынша жаңаталаптар қойып отыр», — делінген Қытай тарапының хатында.

Осылайша, Қытайтарапы жерүсті метросының құрылысы неге басталмай жатқанына өздерінше түсінікберген болатын.

Айта кетейік, еластанасында жерүсті метросы салынады деген мәлімдемелер 2011 жылы басталғанболатын. Сол уақытта қаланы басқарған әкім Иманғали Тасмағамбетов осы метроның алғышарты ретінде әкімдікке қарайтын «Астана LRT» компаниясын құрды. Бірақ, метротек қағаз, сөз жүзіндегі жоба болып қала берді. Тек, 2017 жылы Қазақстанастанасында EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтетіні белгілі болғанда, жеңіл рестіаспалы көлік сол көрмеге орай дайын болады деп хабарланған.

Қала әкімдігіжерүсті метросының құрылысын халықаралық көрмеге де салып үлгермеді. 2017жылдың мамырында басталып, қазанында аяқталған көрменің соңына қарай метроныңтіректері енді салына бастаған еді.

Кейін, жерүстіметросының құрылысы 2020 жылдың маусымында аяқталып, сол жылдың тамызында,яғни, шамамен бір жарым жылдан кейін электрпоезд алғашқы жолаушыларынқабылдайды деп хабарланған болатын. Жоба бойынша метро әуежайдан бастап «Нұрлыжол» вокзалына дейін 18 станцияға тоқтауы керек. Бұлстанциялардың қазіргі көрінісі – қаланың қақ ортасындағы биік цемент тіректерғана.

Қыруар қаржыға,оның үстіне қарызға салынып жатқан жобаны құрылысы тоқтады деген ақпарат әрине,қоғамда наразылық тудырды. Халық өз наразылықтарын әлеуметтік желіде бірадамдай-ақ жазып жатыр.

Қоғам белсендісіМұхтар Тайжан Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес агенттігінеҮкіметтің бұл жобасын тексеру керек деген ұсыныс айтып отыр.

«Илон Макс ойлаптапқан әлемдегі ең жедел жерүсті көлігінің 1 шақырымға шаққандағы бағасы 10 млндоллар. Астанадағы жеңіл рельсті трамвайдың 1 шақырымға шаққандағы бағасы  85 млн доллар шамасында, яғни, 8,5 есегеқымбат! Оның үстіне, бұл жоба Қазақстанның Қытайдан алып жатқан кезекті бірнесиесіне салынып жатыр. Қазір ақша бітіп, жоба тоқтап қалыпты. Қытаймен бұндайкелісімшартқа кім қол қойған? Қазір бізде балаларға жәрдемақы беретін,оқушыларға ыстық тамақ беретін, баспана, жатақхана салатын ақша жоқ дегенді көпестиміз. Егер осындай келісімшарттарға қол қоймағанда, бәріне де ақша жетереді.

Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік, осыкелісімшартты тергеуге шамаларыңыз жетпей ме?», — деген Мұхтар Тайжан өзініңпарақшасында.

Қоғам белсендісібұл жобадан да маңызды әрі арзан, ел үшін қажетті дүниелер екі есе арзанғатүсетін еді дейді.

«Астананыңәуежайынан бастап теміржол вокзалына дейін созылатын ЛРТ-ның 22 шақырымын салубюджетке миллиондаған азаматтар тұратын еліміздің солтүстігіне газ тартужұмысынан екі есе қымбатқа түседі (1,9 млрд доллар). Ал, Қызылорда — Жезқазған— Қарағанды — Теміртау — Нұр-Сұлтан — Көкшетау — Петропавл қалаларын қамтитын«Сары-Арқа» газ желісінің құрылысы 1 млрд доллар ғана», — деп жазады ол.

Фото: azattyq.org

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега