Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатыр
Қырғызстанныңбұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы үйіне арнайы жасақ басыпкірді.
Қырғызстан ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, бұрынғыпрезидентті ұстау операциясы кезінде он шақты адам жараланды, олардың арасындабір журналист және күштік құрылым қызметкері бар.
Қырғызстанның мемлекеттікұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, арнайы жасақ тек резеңке оқпенқаруланған. Алайда оқиға орнынан әлеуметтік желіде тікелей трансляцияға шыққан Атамбаевтың жақтасы Мирбек Айтикеевтің видеосында мылтықтың даусы естіледі.
ӘзіргеАтамбаевтың ұсталған-ұсталмағаны жөнінде түрлі ақпарат тарап жатыр. Ресейлік«РИА Новости» Атамбаевтың жақтастарына сілтеме жасап, арнайы жасақшабуыл кезінде экс-президентті ұстағанын хабарлады. Қырғызстандағы«Апрель» арнасы да арнайы жасақ Атамбаевты ұстап, белгісіз жаққаәкеткенін хабарлады.
Алайда Атамбаевтыңкеңесшісі Фарид Ниязов бұрынғы президенттің әлі үйінде екенін мәлімдеді.
Қырғызстанныңмемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, операция әлі жалғасып жатыр.
Атамбаевқа қызметбабын асыра пайдаланды, жемқорлыққа жол берді тәрізді бес айып тағылған. Бұғандейін Қырғызстан парламенті Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды. Алішкі істер министрлігі оны бірнеше мәрте тергеуге жауап беруге шақырған. Бірақ Атамбаев тергеуге жауап беруге бармады.
Фото: Мирбек Айтикеевтің видеосынан алынған стоп-кадр