Әлеумет

Атамды айтып мақтанамын

Жеңіс мерекесі жыл сайын ерекше атап өтіледі. Анам жеңіс оңайлықпен келмегенін, бұрынмектепте өздеріне соғыс ардагерлері де сабақ бергенін айтып отырады.

Jasalash.kz

Бізсоғыстың, Отан қорғаудың қиын болғанын кітаптан оқып, кинолардан көріп жүрміз.  

 Менің атам СүйімбекҮйсінбаев сол соғыста от пен оқтың арасында болғанын әкем айтып берді. Атам1942-45 жылдар арасында Ресейдің  Сталинградқаласында соғысқа қатысқан. Атам немістерге пулеметпен оқ жаудырып, жауды артқақарай қуған.  Атам Сталинград қаласындажеңісті ерлікпен қарсы алған. Жеңістен кейін Сталинград қаласын  тазалауға өз үлесін қосқан екен.

   1952 жылы туғанжеріне келген  соң да қарап отырмай,колхозда еңбек етіпті. 51 жасында дертке шалдығып, қайтыс болған екен. Бізгеалып берген жеңістің қызығын көре алмаса да, оны біз, ұрпақтары, көріп келеміз.Ауылымызда саябақ бар. Сол жерде Ұлы Отан соғысына қатысқандарға арналған мәрмәрденескерткіш орнатылған, таста атамның аты-жөні жазылған. Бейбіт өмірдегі  бақытты балалық шағыма дән ризамын. Атамның  жасаған ерліктерін естігенде қуанып,мақтанғаннан төбем көкке жетті.

Нұрәділ ҮЙСІНБАЙ,

№5 Ақарал жалпы білім беретін

мектеп-гимназиясының

3-сынып оқушысы

Меркі ауданы

Жамбылоблысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега