Қоғам

Атбасар колониясындағы азаптау ісі қайта сараланды

Атбасардағы түзеу мекемесінде болған азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қайта сараланды.

Фото: скриншот

Енді іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша қаралатын болды.

Бұған дейін іс 146-бап («Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер, азаптау») бойынша тергелген еді.

Іс Атбасар аудандық сотында қаралады.

Еске салайық, бұл іс бойынша 2023 жылы сотталған белсенді Тимур Дәнебаевқа шабуыл жасады деп айыпталған Атбасар колониясының 12 қызметкері сот алдында жауап береді.

Сайт Әкімшілігі