Қоғам

Атын өзгертіп, өзіміздің инвесторға береміз – министр "АМТ" туралы мәлімдеме жасады

Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ активі шетелдік инвесторларға берілмейді, бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

 

"Үкімет меншік құқығы Қазақстан Республикасының пайдасына өткеннен кейін ешқандай шетелдік инвесторларды қарастырмайды. Кәсіподақтармен ұжымдық шарттарға, еңбекақыға, қызметкерлер санына негізделген кәсіпорында бар барлық жағдайлар өзгеріссіз қалады", – деді Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ, Қанат Шарлапаев АМТ акционерлерінің құрамынан шыққаннан кейін кәсіпорынның аты өзгертетінін айтты. Жаңа атауды таңдағанда қызметкерлердің пікірі ескерілмек.

Т. РАУШАНҰЛЫ