Атырау – Ақтөбе бағытындағы пойызда билетсіз жолаушы қайтыс болды
Атырау – Ақтөбе бағытындағы пойызда билетсіз жолаушы қайтыс болды. Пойыз бастығы жұмыстан кетті.
13 шілде күні №691/692 бағытындағы Атырау – Ақтөбе жолаушылар пойызында қайғылы оқиға болды. Компания мәліметінше, көз жұмған ер адам пойызда билетсіз жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, оны вагонға жолсерік мінгізген.
Жол жүру кезінде жолаушының жағдайы күрт нашарлап, ол қайтыс болған. Тасымалдаушы компания вагондағы кондиционердің қалыпты режимде жұмыс істегенін хабарлады.
Пойыз Ақтөбе станциясына келгеннен кейін марқұмның мәйіті процессуалдық шараларды жүргізу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.
Оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде екі жолсерік пен пойыз бастығы қызметінен босатылды.